ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Біз – жастар діни экстремизмге қарсымыз!»

Әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұруы тиіс. Қазақ халқы ертеден-ақ бірліктің, ынтымақтың маңызын жете түсінген. Бабаларымыздан өсиет болып жеткен «Бақ қайда барасың ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын» деген қанатты сөз бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз «Алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер» деп елді бірлікке шақырып отырған.


Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп- интернатында 15-наурыз күні діни экстремизмнің алдын-алу мақсатында мектебіміздің дінтану мұғалімі Б.Б.Джанкулованың ұйымдастыруымен «Біз-жастар діни экстремизмге қарсымыз!» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге «Имандылық» орталығының С.С. Сапарғалиев және «Имандылық» орталығының нспекторы З.Т.Темірбекова қатысты. Оқушылар кездесу барысында көкейлерінде жүрген сауалдарыды қойып, жауап алды.


Елбасымыздың «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында біз сөз еткен ұғымдардың ерекше аталып өтуі тегін емес. Сондықтан бәрімізге қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін, елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуы үшін бір кісідей атсалысайық