Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Біз мемлекеттік қызметті таңдаймыз!

А.ж. 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Біз мемлекеттік қызметті таңдаймыз!» тақырыбында жоғары оқу орындары студенттерінің арасында мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайының өзекті мәселелерін түсіндіруге, мемлекеттік қызметтегі шектеулермен және тыйымдармен таныстыруға бағытталған «Брейн ринг» интеллектуалды ойынын (бұдан әрі - ойын) өткізді.

Осы іс-шараның мақсаты жалпы қолжетімділікті, яғни республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге тең құқығы және өзінің қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметте жоғарылауы туралы хабарлау. Мемлекеттік қызметтің имиджін арттыру.

Ойынға 4 команда қатысты: Гуманитарлық-техникалық академиядан – «Young Economists»; Көкшетау техникалық институтынан – «Огнеборцы»; Көкшетау мемлекеттік университетінен – «КДМ КГУ»; Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінен – «Управленцы».

Ойын үш кезеңнен тұрды: 1) «Жаттығу»; 2) «Капитандар шайқасы»;                   3) «Шешуші».

Командалар мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және т.б. заңнама туралы сұрақтарға өздерінің білімдерін,  ойлау қабілетінің   жеделдігін көрсете отырып жауап берді. Ойын өте қызықты, бәсекелістікпен өтті.

Ойынның нәтижелері бойынша «Огнеборцы» командасы жеңді, «Young Economists» және «КДМ КГУ» командалары екінші және үшінші орындарды иеленді.

Іс- шараға 60 адам қатысты.
Департамент госслужбы

0
0
296

Осы тақырып бойынша