Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Біз мамандық таңдаймыз

Жақсы мамандардың болуы  үшін мектеп оқушыларын    ертерек  даярлау қажет. Ағымдағы жылдың 15,17,21 сәуір күндері Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы «Жастар бастамаларын дамыту орталығында»   9-11 сыныпта оқитын оқушыларды өңірдегі оқу ордаларына қалай түсу керек екенін толық ақпарат береді.

Игі бастаманы «Музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп- интернаты»,  Павлодар облысы білім беру басқармасының «Красноармейка аграрлық-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кəсіпорны, «Павлодар – бизнес колледж», Б. Ахметов атындағы «Павлодар педагогикалық колледжі»   бастады. Олар оқушыларға мол ақпарат берді. Келген студенттер оқу ордалары жайлы мәлімет беріп, әуезді әндерді де шырқады. Мектеп оқушыларына онлайн тесттен өтті. Тест арқылы оқушының гуманитарлық немесе техникалық  бағытын анықтауға болады.

 
0
0
1225

Осы тақырып бойынша