Әбіш Кекілбайұлының 6 желтоқсан туған күніне орай аудан жастары "Үркер" шығармасын тамашалады.
Түбегіміздің төл перзенті, абыз Әбіш Кекілбайұлының 6 желтоқсан туған күніне орай аудан жастары "Үркер" шығармасын және қоғам қайраткері, жазушы атамыз туралы деректі фильм тамашалады. Абыз Әбіштің шығармашылығын кеңінен насихаттауды мақсат еткен шарада жастар жазушының еңбек жолымен танысты. Ел үшін ерен еңбек еткен түбегіміздің төл перзентін болашақ ұрпаққа жаңғыртып, жастардың бойына сіңіру әрбіреуіміздің азаматтық борышымыз болмақ.
