Бірыңғай байланыс орталығының қызметтері
1414.kz – электрондық үкімет порталының кері байланысы болып табылатын форум. Осы форумда Сіз электрондық үкімет порталының электрондық қызмет көрсетулері бойынша ұялы телефонмен ақысыз 1414 нөмерін теріп өтінішті беру, анықтамалар алу, салық немесе айыппұл төлеу, және де сол сияқты басқа да қызметтер туралы сұрақтар қоюыңызға болады. Порталда тұрақты түрде жылжымайтын мүлік, отбасылық қарым-қатынас, білім, мәдениет, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, азаматтық, көлік, денсаулық, туризм және басқа да адам өміріне қажетті салалар бойынша тақырыптық бөлімдерде көптеген электрондық қызмет көрсетулер пайда болды, сондықтан Сізде 1414 телефон арқылы жауап бере алатын көптеген сұрақтар туындауы мүмкін.Мысалы 1 және 2 ші топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға осы телефон арқылы (1414) хабарласып керекті анықтамаларды мүгедек екендігін хабарлап,алуға болатынын айта кетеміз.Қосымша ақпарат 1414 телефонына хабарласқан кезде толығырақ хабарды ала аласыз.
«ХҚКО» Жамбыл облысы бойынша филиалы Мойынқұм аудандық бөлімінің инспекторы З.Байкулова
