Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бірлік БПҰ-да Zoom платформасы арқылы жиналыс өтті.

«Nur Otan» партиясының құрылымдық бөлімшелерінде есеп беру-сайлау науқанын дайындау және ұйымдастыру бойынша Бірлік БПҰ-да Zoom платформасы арқылы жиналыс өтті.

Жиналысқа «Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Досмаилов Қанат Нүркешұлы арнайы қатысты. Күн тәртібінде БПҰ-ның 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы есеп және алдағы кезеңге арналған міндеттер; Төрағаны және төрағаның орынбасарын, қажет болған жағдайда – БПҰ Бюросын сайлау; Партияның тиісті аумақтық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау мәселелері қаралды.

Жиын соңында жоғарыда айтылған күн тәртібіндегі үш мәселе бойынша шешім қабылданып, бірауыздан мақұлданды.

Осы тақырып бойынша

Бірлік БПҰ-да Zoom платформасы арқылы жиналыс өтті. - Yvision.kz