«Бірлігі жарасқан тәуелсіз Қазақстан»
«Бірлігі жарасқан тәуелсіз Қазақстан»
КММ «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» 5 ақпанда «Қазақстан халқы Ассамблеясы - кеше, бүгін, ертең» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында бірлік, татулық жайлы сөз қозғалды. Ынтымақты, бірлікті басты орынға қоятын біздің еліміз үшін ұлттардың бірлігі бірінші орында тұр.
Мәңгілік ел - бірліктен және ынтымақтастықтан басталады. «Біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – тәуелсіз Қазақстан» - деп Нұрсұлтан Әбішұлы айтты. Бірлігі жарасқан тәуелсіз Қазақстанда әр ұлт татулықта ғұмыр кешсін.

