Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бірінші және екінші топ мүгедек азаматтарына үй жағдайында қызмет көрсету.

Жаңатас қаласының мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетуді жоғарылату мақсатындағы іс-шара жоспарына сәйкес  Сарысу ауданы ХҚКО-да бірінші және екінші топ мүгедектерінің  үйлеріне барып ХҚКО-ы арқылы алынатын мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік қызмет көрсету үшін арнайы қызметкер бекітілді. Осы бір және екінші топ мүгедектері үйлерінде отырып Электронды үкімет және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметтері бойынша анықтамалық қызметі 1414 телефон номеріне қоңырау шалып өзіне керекті қызметтерді үйде алғысы келетіндігін хабарлайды. Сол кезде ХҚКО-ның қызметкері сіздің үйіңізге барып мемлекеттік қызметтерді үйде алуға көмек береді және қызметтің орындалу мерзімі келгенде дайын құжатты үйіңізге жеткізіп береді.

ХҚКО инспекторы  А.А.Токтыбаева

 
0
0
372

Осы тақырып бойынша

Бірінші және екінші топ мүгедек азаматтарына үй жағдайында қызмет көрсету. - Yvision.kz