Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Birgemiz» қоғамдық қоры төлем жасаудың 5-ші толқынын аяқталды.

Сонымен, барлығы 650 мыңнан астам отбасы немесе 2,2 млн. қазақстандық тікелей қаржылық қолдаумен қамтылды.

Сондай-ақ, қор қаражаты есебінен 2 мыңнан астам медицина қызметкеріне қолдау көрсетілді, су басудан зардап шеккен Мақтаарал тұрғындарына 20 жаңа үй салынды.

Жалпы, #BizBirgemiz акциясының аясында 320 мыңдай отбасы азық-түлік себеттерімен және бірінші кезекте қажетті тауарлармен қамтамасыз етілді. Халық арасындағы қорғанысы әлсіз 100 мың отбасыға 5 миллион маска тегін таратылды.

Елбасы бастамасымен қорға 34 млрд. теңгедей қаражат жинаған барша демеушілер мен меценаттарға алғыс айтамыз. Коронавируспен күрес кезеңінде мұқтаждарға қолдау көрсету бойынша осынау игі іске атсалыса отырып, еліміз бен халқымыз қажырлылық пен ауызбіршіліктің үлгісін көрсетті!

#BizBirgemiz

0
0
188

Осы тақырып бойынша