Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Бір терезе қағидаты бойынша құжат қабылдау жемқорлықтың алдын алу»

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жасаған 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан жеделдетілген экономикалық ,әлеуметтік және саяси жаңғыру жолында деп аталатын жолдауын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің халыққа қызмет көрсету орталықтарын – мемлекеттік мекемелерін құру туралы қаулысының негізінде облыстардабір терезе қағидаты бойынша жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсететін Халыққа қызмет көрсету орталықтары құрылған болатын.Қазіргі таңда елімізде 256 Халыққа қызмет көрсету орталығы бар.

Бұл орталықтар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және дамыту мақсатында оларды жаңғырту , мемлекеттік қызметтерді ұсынудың бизнес-үрдістерін оңтайландыру және оларды автоматтандыру бойынша іс-шараларды іске асырады.Атап көрсететін болсақ:

-          Электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтің орындалу статусун бақылак;

-          Азаматтарға электрондық Үкіметтің төлем шлюзі арқылы банк карточкасымен мемлекеттік баж салығымен төлеу мүмкіндігі ұсынылды;

-          Азаматтар және бизнес өкілдеріне ыңғайлы болу үшін аймақтар жайластырылған,онда Wi-Fi сымсыз байланысы орнатылған;

Қызмет көрсету орталықтардың алға қойған басты мақсаттарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күресу болып табылады.Құжат қабылдау барысында тұтынушылар атқарушы орган қыметкерлерімен байланыста бола алмайды және қабылдау мен дайын құжаттарды беру ХҚКО –ры арқылы жүзеге асырылады. Осылайша Республикамыздағы орталықтар қазіргі таңда 160 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсете алады.

 
0
0
1564

Осы тақырып бойынша

«Бір терезе қағидаты бойынша құжат қабылдау жемқорлықтың алдын алу» - Yvision.kz