Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Бір терезе қағидасы бойынша құжат қабылдау жемқорлықтың алдын алу»

Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлық пен күрес аясында тиімді, қоғамның мемлекетке  бүгінгі күнгі басты мақсат болып табылады.

Халыққа қызмет көрсету орталығында барлық құжатнамаларды қабылдау және беру  «бір терезе» қағидасы бойынша  қарастырылған.

Қол жетімді жерлерде өтініштер үлгісін және қызмет көрсетулерді алу үшін қажетті құжаттар тізімі ақпараттық стендте орналастырылған. Жеке және заңды тұлғаларға кеңес беру үшін  күту залы орналасқан, құжатнамаларды қабылдау, тіркеу және беруге жауапты тұлға бекітілген.

Қызметкерлер жұмысқа тұрғаннан кейін  бір ай ішінде іскерлік этика кодекспен жазбаша түрде таныстырылады оның ішінде қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы жазылған,ол қызметкердің жеке ісінде сақталады.

ХҚКО қызметкерлері  жұмысына баға беруге халықты белсенді түрде тарту, соның ішінде сыбайлас жемқорлық дәйектерін анықтау мақсатында тұтынушылардың құқықтарын қорғау қызметі мамандарының заңсыз әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) жеке және заңды тұлғалардың шағымдарына арналған жәшіктер, азаматтардың сенімділігін нығайту мақсатында сенім телефондары және бейнебақылау камера орнатылған .

ХҚКО-да  сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында  қызметкерлер арасында ай сайын дөңгелек үстел және семинар өткізіледі.

Орталық қызметкерлер сыбайлас жемқорлықпен ымырасыздық күрес жүргізіп, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жіберген қызметкерлерлерге  қатаң шаралар қолданылады.

     
0
0
1291

Осы тақырып бойынша