Бірқатар дөңгелек үстелдер өткізілді
Мемлекет қазіргі кезде мемлекеттік қызметкерлердің имиджің көтеру сұрағына үлкен көңіл бөліп жатыр. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлердің имиджің қалаптастыру және нығайту мемлекеттік жүйені жетілдірудің манызды жолдарының бірі.
Қазақстанның стратегиялық даму жоспарында ұзақ мерзімді басымдылық ретінде кәсіби мемлекетті құру көрсетілген. Жоғары кәсіби мемлекеттік қызметті және басқарудың тиімді жүйесін құру жоспарын орындалуы көбіне мемлекеттік қызметкерлердің жоғары кәсіптілігіне байланысты.
Соттарда және құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралардың 2016 жылға арналған ведомствоаралық жоспардың 3-тармағын, сондай-ақ Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қызметті ұйымдастыру жөніндегі 2016 жылға арналған кешенді жоспардың 13-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамасымен 2016 жылдың 08-19 тамыз аралығында «Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асырудағы қызметтік этика және жоғары рухани-адамгершілік ахуал» тақырыбындағы ауданаралық бірқатар дөңгелек үстелдер өткізілді.
Барлығы 4 дөңгелек үстел отырыстары өткізілді, олардың ішінде 3 ауданда өткізілді (Щучинск қ., Атбасар қ., Шортанды к.) және облыстық прокуратурада бейнеконференцбайланысы жүйесі бойынша (Көкшетау қ.).
Аталған шарада сот жүйесінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің, прокуратура органдарының, ішкі істер органдарының, мемлекеттік кірістер, ҰҚК, қорғаныс істері, төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен 17 ауданының және екі облыстық манызы бар қалалардың мемлекеттік қызметкерлері қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауды іске асыратын қызметшілердің рухани-адамгершілік талаптарын арттыру, олардың қоғамдағы ерекше рөлін түсіндіру, имиджін және оларға азаматтардың сенімін нығайту.
Дөңгелек үстел отырыстарының барысында қазметтік этика мәселелері талқыланды, «Сыбайлас жемқорлық балалар көзімен» ролигі көрсетілді, щараладың қатысушыларына буклеттер түрінде көрнекі оқу құралы және алынған сыйлықтарды тапсыру туралы ескертпелер берілді.

