Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Білім туралы құжаттарын тану/нострификациялау

Шетелдік білім орындарының берген білім туралы құжаттарын тану/нострификациялау рәсімі ХҚКО-ы арқылы көрсетіледі. Аталған мемлекеттік қызметтерге сұраныс тұтынушылар тарапынан күннен-күнге артып келеді. Оның себебі еліміз егемендік алып, құлашын кеңге жайып, қарыштап дамыған заманда жастарымыздың біліктілігіне, білімділігіне қойылатын талап күшеюде. Осыған орай, мемлекетіміз білікті кадрлар даярлауға барлық күшті жұмылдыруда.

Егер Сіз шетелде білім алып, еліміздің кадрлық потенциалын толықтыру, білікті кәсіби мамандар базасын қалыптастыру мақсатында щштелдік жоғарғы оқу орнын бітіріп келсеңіз. ҚР Білім және ғылым министрлігіне ХҚКО-ы арқылы құжат тапсырып, оны жауапты орган барлық сараптау рәсімін тексеріп қарап, құжат иесінің білім туралы құжатын Қазақстан Республикасында баламалы деп танып, бұйрық шығару негізінде құжат иесіне куәлік береді. Аталмыш қызмет түрін қарау мерзімі 4 айдан аспайды.

Толық ақпарат алу үшін жергілікті ХҚКО мен 1414 біріңғай байланыс орталығына жүгінуіңізге болады.

0
0
273

Осы тақырып бойынша

Білім туралы құжаттарын тану/нострификациялау - Yvision.kz