«Білім мен ғылым және ұлт денсаулығы жөніндегі аудандық» қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы.
"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы жанынан құрылған «Білім мен ғылым және ұлт денсаулығы жөніндегі аудандық» қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы.
______
Алғашқы отырыста бекітілген жұмыс жоспарға сәйкес, күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.
1.Онлайн медицина жүйесін дамыту;
2.Медициналық ұйымдарды жоғары технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету (аудандық көпсалалы ауруханада өкпені жасанды желдету құралдары (IVL) ;
3.Облыстық онкологиялық диспансердің және аудандық ауруханалардың базасында тұрғындарды қатерлі ісік ауруларын ерте анықтау бойынша скринингтік зерттеулермен қамтуды арттыру (жыл сайын 18 мыңнан астам скринингтер) ;
4.Тар профильді 12 дәрігерді тарту (офтальмолог, реаниматолог, отоларинголог, неонатолог, акушер-гинеколог және т.б.) ;
5.750 медициналық қызметкердің біліктілігін арттыру;
6.Медициналық тәжірибеге диагностика мен емдеудің жаңа жоғары технологиялық әдістерін енгізу;
_____
Қоғамдық кеңестің төрайымы Аудандық мәслихат депутаты, Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп директоры, Дарубаева Айгул Жумагуловна кезекті отырысты ашып жүргізіп, кезекті сөз кезегін, «Білім мен ғылым және ұлт денсаулығы жөніндегі аудандық» қоғамдық кеңестің отырыс төрағасының орынбасары және ШЖҚ "Панфилов орталық аудандық ауруханасы" МКК директордың ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Кудерова Алтынай Алтаевнаға берілді.
