Білім беру туралы құжаттарды тану және нострификациялау
Көрсетілген мемлекттік қызметтің нәтижесі білім туарлы құжаттарды тану және нострификациялау туралы қағаз тасымалдағыштағы куәлік не қызмет көрсетуден бастарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап жазбаша болып табылады. Қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекттік кәсіпорын көрсетеді, сондай-ақ баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетіледі. Мемлекттік қызмет шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттары бар жеке тұлғаларға, сондай-ақ сенімхат негізінде мемлекттік қызметті алушының мүлдессін білдіретін адамдарға көрсетіледі. ХҚКО-ға өтініш берген жағдайда:
Мемлеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі. Мемлеттік қызмет көрсету құны кеткен шығындарды ескере отырып анықталады және оны орталық директорыбекітеді. Ақы төлеу қолма-қол ақшасыз баға көрсеткішіне сәйкес жүргізіледі.
Тапсырылатын құжаттар тізбесі:
1.тану/нострификациялау туралы өтініш;
2. білім туралы құжат қажет болған жағдайда мемлекттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге ;
3. білім туралы құжаттың: өткен оқу пәндері мен практикасы (бар болса) сағаттың көлемі, алған қортынды бағалары, курстық және бітіру кезіндегі біліктілік жұмыстары, оқу процесін құрайтын басқа да ақпараттар бар қосымшасы қажет болған жағдайда мемлекттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге ;
4. білім туралы құжаттың және оның қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмесі мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы;
5. бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi.
Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге. Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстырса, тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет;
6. оқу орнының мөрімен расталған білім туралы құжатты негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге. Оқу орнының лицензиясының және/немесе аккредиттеу туралы куәлігінің көшірмесі болмаған жағдайда, білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы ақпаратты (сайттарға немесе басқа да дерек көздерге сілтемемен ) қажет;
7. уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат – көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде;
8. төлем туралы түбіртек.
Білім туралы құжатты тану туралы өтініш қарау мерзімі Ереженің 13-тармағында көрсетілген қажетті құжатты тапсырған уақыттан бастап төрт айды құрайды.