Білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
А.ж. 13 қазанда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру аясында Департамент Көкшетау қаласының жалпы білім беретін орта мектептері мен мектепке дейінгі мекемелерінің меңгерушілерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
Ақмола облысы мен Көкшетау қаласының білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласында жүргізіліп отырған жұмыс туралы Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары В. Гамазов пен Көкшетау қаласы білім бөлімінің басшысы Б. Жүсіпов баяндады.
Департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Ә. Мұхамеджановбілім беру саласында сапалы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде акқпарат берді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы басшысының м.а. Е. Кенжалин мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюроның (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Ақмола облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Е. Жақанов сөз сөйледі.
Департамент басшысы Б. Беспалинов кеңес барысында «мектеп салықтары» мен сыйлықтар мәселесін көтерді және жиналғандардың назарын бұл проблеманың шешім табуы ұстаздардың парасаттылығы мен моральдық жауапкершілігіне тікелей байланысты екеніне аударды.
