Біліктілік санатын бере отырып маман сертификатын алу
Жоғары дамыған технологиялар заманы мұны талап ететіні де рас. Ашылып жатқан жаңалықтардан, ғылыми жетістіктерден сырт қалмай, өзінің білім-біліктілігін көтеріп отыру – басты талаптардың бірі. Сонымен, «Ақ халатты – абзал жандарға» ұсынатын келесі қызметіміз «Біліктілік санатын бере отырып маман сертификатын алу» Қызмет алушы жергілікті ХҚКО – ға келесі құжаттар топтамасы менкелуі қажет:
- Үміткердің біліктілік емтиханын өтуге өтініші
- Үміткер туралы мәліметтер (А.Т.Ә. жұмыс орны, атқарып отырған лауазымы, білімі, біліктілігін арттырғандығы туралы мәліметтер, мақалалар, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға қатысуы туралы мәліметтер).
- Үміткердің мамандығы бойынша өндірістік қызметі туралы есебі.
- Санитарлық-эпидемиологиялық бейінді, медициналық білімі бар, «қоғамдық денсаулық/әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша мамандарды қоспағанда, өтініш білдірілген санатқа үміткердің емдеу мен диагностиканың әдістемелерін күнделікті практикада қолдану көлеміне сәйкестігі туралы қорытындысы.
- Тестілеу қортындысы.
- Санитарлық-эпидемиологиялық бейінді, мамандарды қоспағанда, медициналық білімі бар мамандар үшін үміткердің өтініш білдірген біліктілік санатының талаптарына сәйкестігіінемесе сәйкессіздігі туралы тәуелсіз сарапшының ұсынған қортындысы.
- Біліктілік комиссиясы отырысының хаттамасынан көшірмесі.
Ескерту: Біліктілік санаты бар маманның сертификатының болуы маман үшін сәйкес мамандық бойынша клиникалық іс-тәжірибеге (науқастармен жұмысқа) берілген рұқсат және кәсіби деңгейінің анықталуы болып табылады.
Қызмет алушы маман сертификатын тегін және 22 жұмыс күні ішінде ала алады. Қабылдау алдын ала жазылусыз «электрондық кезек» тәртібімен жүзеге асырылады. Қызмет алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті «броньдауға» да болады.
