Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Безбен" телебағдарламасында сыбайлас жемқорлық мәселесі туралы

Бүгін, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев «Жетісу» телеарнасындағы «Безбен» бағдарламасында қонақта болды.

Сұхбат барысында облыстағы сыбайлас жемқорлықтың ахуалы және департаменттің қызметі туралы мәселелер қозғалды.

Бағдарламаның ерекшелігі аптаның айшықты оқиғалары, қоғам боп қызу талқыланған тақырыптар «Безбенде» қайта сүзгіден өтіп көрерменге ұсынылады. Хабарды журналист Айбек Құттыбек жүргізеді. Сыбайлас жемқорлыққа арналған эфирді сенбі күні (25.09.2021), сағат 19:30-да «Жетісу» телеарнасынан көре аласыздар.

0
0
224

Осы тақырып бойынша

"Безбен" телебағдарламасында сыбайлас жемқорлық мәселесі туралы - Yvision.kz