Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бэйл: «Менің арманым орындалды»

Гарет Бэйл «Сантьяго Бернабеуде» салтанатты түрде танысу кешін өткізді. Алаңға жиналған жанкүйерлер жартылай қорғаушының «Реал» сапын толықтырғанына бек қуанышты.

«Тоттенхэм» командасынан ауысып келген Гарет Бэйл өткен маусымда ағылшын премьер-лигасының үздік футболшысы атанған болатын. Жартылай қорғаушының «корольдік клубта» медициналық тексеруденөткенін осыған дейін хабарлаған едік. Енді валийлік футболшының таныстыру кеші де сәтті аяқталды. Өз кезегінде Гарет Бэйл:

Мен бақыттымын, менің арманым орындалды! Мен «корольдік клубқа» оныншы рет Чемпиондар Лигасын жеңуіне өз үлесімді қосамын деп ойлаймын. Спорттық мансабымның үлкен дәуірі енді басталғандай. Аз-кем испан тілінде айтар болсам: Осылай жылы қарсы алғандарыңызға рақмет! Алға Мадрид! Үлкен рақмет!

 
0
0
385

Осы тақырып бойынша

Бэйл: «Менің арманым орындалды» - Yvision.kz