ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Бейбіт өмірге мүмкіндік. Жусан операциясы туралы

Жусан 1. 2019 жыл, қаңтар. Қазақстан арнайы қызметтері Сириядағы соғыс аймағынан елдің 47 азаматын отанына қайтарды. Онда ер адамдар, әйелдер мен балалар террористердің қолына түсіп, туыстары арқылы көмек сұраған.

Әскери қызметкерлер мен құтқарушылар 5 қаңтарда Ақтау әуежайынан ұшып шықты. Ұшақтар гуманитарлық көмек, күнделікті қажеттіліктер және жеке азық-түлік пакеттерімен қамтылды.

Қазақстандық күштер эвакуация орнына 5 қаңтарда 15.45-те келді. Олар балаларға қауіпсіз ұшу үшін жағдай жасады, оларды тамақтандырды, кітаптар мен ойыншықтар сыйлап, көңілдерін аулады. Ұшақ Ақтауға 6 қаңтарда түнгі сағат екілер шамасында келді.

Қазақстанға әкелінген 30 баланың көбі өз Отандарын алғаш рет көрді - Сирияда өмір сүрген жылдары қазақстандықтар сол жерде отбасын құрып, балаларын дүниеге әкелген. Бұл балалардың әкелерінің барлығы дерлік қайтыс болған.

Сирияда туылған балалардың құжаттары туралы мәселені Сыртқы істер министрлігі мен әкімдіктер қарастыратын болып шешілді. Бұл процедура алдын-ала заңнамамен бекітілген, сондықтан ешқандай сұрақтар мен проблемалар тудырмауы қажет. Барлық балалар әкелерінен айырылған, олар аналарымен бірге қайтты. Бір бала тіпті анасы Сирияда қалып, елге жалғыз оралған.

Операцияға дайындық бірнеше айға созылды. Сирияда террористтер бұл туралы білмеуі үшін құпия қауіпсіз аймақ анықталды, сонда барлық қазақстандықтарды жинады. Белгіленген күні құтқарушылар олардың артынан ұшып барды. Операция «Жусан» деп аталды.

Жусан 2. 2019 жыл, 10-мамыр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 231 қазақстандықтың Сириядан эвакуацияланғандығы туралы мәлімдеме жасады:

- Менің тапсырмам бойынша, 7 және 9 мамырда Сириядан 231 қазақстандық, оның ішінде 156 бала эвакуацияланды. Бұл ауқымды гуманитарлық акция осы жылдың қаңтарында Тұңғыш Президенттің нұсқауымен сәтті жүзеге асырылған «Жусан» операциясының жалғасы болды.

13 мамырда Сыртқы істер министрлігінде «Жусан-2» жұмысының қорытындылары бойынша баспасөз конференциясы өтті. Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаевтың айтуынша, 7-9 мамырда 16 ер адам, 59 әйел және 156 бала соғыс аймақтарынан шығарылды. Операцияға АҚШ пен Сирия Демократиялық күштерінің логистикалық қолдауы көмек көрсетті.

Сыртқы істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің барлық жұмыстары орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен, ҮЕҰ-мен тығыз үйлестіріліп жүргізілді. Кейбір қазақстандықтар ұлттық төлқұжаттарынан айрылған, балалардың көпшілігі бұрын ИГИЛ/ ДАИШ бақылауында болған жерлерде туылған. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен шетелдік агенттіктер бұл жұмысқа консулдық құқықтық және материалдық-техникалық қолдау көрсетті.

Жусан-3. 28 мамыр мен 31 мамыр аралығында қазақстандық арнайы қызметтер «Жусан» гуманитарлық операциясының соңғы, үшінші кезеңін өткізді.

Сириядан 67 әйел, 171 бала, оның ішінде тоғыз жетім балалар елге қайтарылды. Оларғаннан кейін олар арнайы бейімдеу орталығына орналастырылып, онда оңалудан өтіп, барлық қажетті көмек алатын болады.

Бұл жолы да Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің мәлімдемесінде «Жусан» гуманитарлық операциясы - Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған және өткен жылдан бері жүргізіліп келе жатқан кең көлемді акция екенін атап өтті.

«Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету «Жусан» операциясының басты мақсатына айналды. «Жусан» гуманитарлық операциясының нәтижелері біздің мемлекетіміздің ең күрделі міндеттерді тиімді шеше алатындығын көрсетті. Мен операцияға қатысушылардың барлығына - арнайы қызметтерге, дипломаттарға және өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен орындаған әскери қызметкерлерге алғыс айтамын. «Үйге оралған отандастарымызға жаңа өмір бастауға мүмкіндік туды, балалар бейбіт елде өсу мүмкіндігіне ие болды. Біз азаматтарымыздың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауды жалғастырамыз», - деді Президент өз сөзінде.

Елге оралған қандастардың барлығы өз еріктерімен оралуға ниет танытқан. Жусан-1 операциясы нәтижесінде алты ер адам мен бір әйел адамның үстінен террористік әрекетке қатысы бар деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді.

16 ер адам және төрт әйел адам - «Жусан-2» қатысушылары - ДАИШ жағындағы террористік әрекетке қатысы бар деген күдікпен тергеуге алынды.

Өз кезегінде, елге қайтарылған адамдар тарапынан қандай да бір қауіптер бар ма деген сұрақ туындайды. Бұл сауалға кезінде арнайы жасақ қызметкері: - Біз мемлекет ретінде өз міндеттемелерімізді орындаймыз, сондықтан оларды отанымызға қайтарамыз. Біз жазаның сөзсіздігі принципін қамтамасыз етуіміз керек - бұл біздің басты ұстанымымыз. Ал кінәсіз адамдар оңалудан өтуі керек. Бұл әлемдік тәжірибе және ол біздің аумағымыздағы шетелдік азаматтарға қатысты бірдей әрекет етеді. Мұндай жағдайларда реадмиссия туралы халықаралық келісімдер бар,- деп жауап берген болатын.

Ең бастысы, жобаның басты мақсаты - балалардың өмірін сақтау. Егер балаларды қазір шет елде қалдырсақ, олардың қалай өсетініне көңіл аударуымыз керек. Және бұл жағдайда олардың дәл осы террористердің қатарына қосылу ықтималдылығы өте жоғары. Балаларды елге қайтара отырып, бұл мәселені Жусан жобасы болашақта алаңдамайтын етіп шешеді.

2020 жыл, ақпан. Брюссель. «Жусан» гуманитарлық операциясы Еуропа парламентінде талқыланды.

Еуропалық парламентте «Қазақстанның тәжірибесі: Сириядан қайтарылған азаматтардың отбасыларын репатриациялау» конференциясы өтті, оған біздің елден шақырылған сарапшылар Жусан гуманитарлық операциясы туралы айтты.

Француз парламентінің депутаты Тьерри Марианидің қолдауымен ұйымдастырылған шараға Еуропалық парламенттің депутаттары, сарапшылар, Еуропалық комиссия мүшелері, дипломатиялық корпустың, үкіметтік емес ұйымдардың және журналистер қауымдастығының өкілдері қатысты.

«Біз Магреб елдерінің түрмелерінде (Египеттің батысындағы Солтүстік Африка штаттары) біздің азаматтарымыз өте көп екенін білеміз. Біз репатриация саласындағы Қазақстанның тәжірибесінен үйренгіміз келеді», - деді Тьерри Мариани конференцияны ашқан кезде.

Алайда, Еуропада Сирия мен Ирактан отандастарын қайтару мәселесіне басқаша қарайтындығын атап өтті. «Әрбір еуропалық елде бұл проблемаға өзіндік көзқарас бар» дейді ол.

Өз кезегінде Антитеррорлық орталық штабы бастығының орынбасары Сергей Швейкин конференцияда сөз сөйлеп, Сириядағы соғыс аймақтарында болған қазақстандықтарды анықтау, эвакуациялау және бейімдеу шаралары туралы айтты.

«Операция гуманитарлық мақсатына қол жеткізілді. Елге оралған отандастарымызға жаңа өмір бастауға мүмкіндік берілді, ал балалар тыныш, бейбіт аспан астында өсу мүмкіндігіне ие болды», - деді өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Оның айтуынша, біздің отандастарымызды елге қайтару кезінде алған тәжірибелік жұмысымыз терроризмге қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибесіне қосқан елеулі үлес болды.

Соғыс аймақтарынан оралған балалардың бір бөлігі мектепке барды. Елге қайтарылған 70-тен астам бала мектепке дейінгі ұйымдарға, 150-ден астамы қосымша білім беру ұйымдарына барады. Жалпы Жусан операциялары нәтижесінде елге 441 бала қайтарылған. Елге оралған барлық адамдармен арнайы оңалту-сауықтыру жұмыстары жүргізілуде.

Бейбіт заман аспаны, Сириядан оралған әйелдердің оқиғалары...

- 2010 жылы мен діндар адамға тұрмысқа шықтым. Сол кезде джихадтың не екенін білмедім. 2012 жылы ол жұмысқа кетті, нақты қайда екенін айтқан жоқ, бір айдан кейін байланысқа түсті ... Мен бір жылдан кейін Сирияға кеттім, - дейді 33 жастағы әйел.

Сирияда ол екі ұл туады, олардың бірі туылғаннан кейін бірден қайтыс болды. Қазақстандағы алғашқы некеден сегіз жасар қызы қалды. Бақытсыз әйел 2017 жылы күйеуі қайтыс болғаннан кейін үйіне оралуға тырысады.

- Онда барлық жесірлерді су, тамақ, жарық жоқ бір үйге орналастырады. Күйеуі қайтыс болғаннан кейін төрт ай және он күн өткен соң ер адамдар әйел таңдауға келеді. Көпшілік үмітсіздіктен бөлек тұруға келіседі. Кейбір жағдайларда әйелдер қайта үйлене салып, бірнеше күн өткеннен кейін күйеуі қайтыс болады. Кейбір әйелдер осылайша 19 рет тұрмыс құрған», - деп бөлісті әйел.

- Біз қайда екенімізді айта алмадық, онда әдеттегідей отырып, тедефонмен сөйлесу деген жоқ. Егер олар телефонмен ұстап қалса, сіз хабарлама жібергеніңізді білсе – өлім жазасы ...

- Ұшақ бізді алып кетуге келгенде, мен қазақша «сәлем» деген сөзді естігенде, қатты қуандым. Осы жылдар бойы мен әрқашан өз еліме опасыздық жасағанымды сезіндім.

Тағы бір әйел Жусан-2 операциясын тағатсыздана күтті, өйткені келіні мен төрт немересі оралды. Ұлы қайтыс болды.

- Ұлым мен оның отбасы 2015 жылы Түркияға демалысқа болды, ал бір айдан кейін ол Сирияға соғысқа кеткенін хабарлады. Біз зайырлы отбасымыз. Ұлым радикалды исламды қабылдағанға дейін бізде бұл туралы ешқандай әңгіме болған жоқ. Оның жоғары білімі бар, қызыл дипломы бар, ол алтын бала болды», - деді ол.

Үшінші әйелдің қызы 2016 жылы Бішкекке тауар алу үшін кеткен. Сирияға кеткені туралы әйел қауіпсіздік қызметінен біледі.

- Сирияда қызым дағыстандықтардың балаларына қамқор болды. Онда жан түршігерлік оқиғалар болып жатқанын айтты. Олар көшеде екі ай бойы өмір сүрген, жаңбырда ұйықтаған.

Өткен жылдың соңында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Терроризмге қарсы орталығы басшысының бірінші орынбасары Сергей Швейкин республика азаматтарын Сириядағы соғыс аймағынан қайтару бойынша жоспарланған жұмыстар жалғасын табатындығы туралы айтты.