Берік Уәлиге сұрақ қой!
Қымбатты оқырман! Осы апта бойы танымал журналист Берік Уәлиге www.qazaq.kz сайты арқылы өздеріңізді толғандырар сұрақтарыңызды қоя аласыздар.
Берік Уәли, «Хабар» арнасының «Үкімет пен әлеумет» бағдарламасының тележүргізушісі
Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1997 ж. Ұлттық Өнер Академиясын “Кино және ТВ” факультетін “кинотанушы-редактор” мамандығы бойынша игеріп шықты. 2005 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің магистратурасын тәмамдаған. «Хабардағы» еңбек өтілі – 4 жыл.
Телевидениедегі алғашқы баспалдағы – 1997ж. “Таң” телекомпаниясындағы «Алматы жаңалықтары» ақпараттық бағдарламасының репортеры қызметінен басталған.
Бос уақытында футбол ойнап, атқа мініп, табиғат аясында серуендегенді жақсы көреді. Абайдың қара сөздерін оқып, «Қазақфильм»н киностудиясының алтын қорынан алынған үздік туындыларды қаншама рет көрсем де қайталап көруден жалыққан емеспін, – дейді Берік.
Еліміздің ұлт азаттық жолында адал қызмет етіп, құрбан болған арыстар мен Алаш қайраткерлерін үлгі-өнеге тұтатын жасырмады.
Жетістіктері мен марапаттары:
• 2003 жылы «31 арнадағы» “Еркін сөз” авторлық бағдарламасы үшін Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты атанды;
• 2004 жылы “Өркендеу, Демократия және Сөз бостандығы” атты ұлттық конкурстағы үздік еңбегі үшін ЮНЕСКО-ның арнайы дипломына ие болды;
• 2006 жылы “Дода” қоғамдық-саяси ток-шоуының ұжымымен Қазақстан Журналистер Академиясының “Үздік ток-шоу” номинациясы бойынша “Алтын жұлдыз” жүлдесін жеңіп алған;
• 2007-жылы “Бетпе-бет” бағдарламасы үшін 10-рет өткен “Шабыт” халықаралық байқауында “Телевизия саласындағы үздік журналистік жұмыс номинациясы бойынша Марат Барманқұлов атындағы дипломмен” марапатталды.
Мәлімет «Хабар» агенттігінің сайтынан алынды
