«Бекіре-2014» балық қорғау акциясының барысы жөнінде
Жайық-Каспий бассейнінің Атырау, Маңғыстау және Батыс-Қазақстан облыстарында орналасқан су айдындарында «Бекіре-2014» балық қорғау акциясын жүргізу жалғасуда.
2014 жылғы 19 мамырда Атырау қаласында үйлестіру штабының кезекті отырысы өткізіліп, онда акция аясында атқарылған жұмыстардың аралық нәтижелері қорытындыланды.
1 сәуірден бастап жүргізілген шаралардың нәтижесінде табиғатты қорғау заңнамасын 834 рет бұзылғаны анықталды. Балықты заңсыз тасмалдаумен байланысты 61 бұзушылық, балық ресурстарын заңсыз сату және сатып алуға қатысты 17, кемемен жүзу режимін бұзудың 16 фактісі тіркелді. Әкімшілік жауапкершілікке 621 адам тартылды.
Акция шараларының нәтижесінде заң бұзған азаматтардың үстінен 88 қылмыстық іс қозғалды, оның ішіндегі 35 іс сот органдарына жолданды.
Браконьерлердің балық ресурстарына келтірген залалы 4 млн. 313 мың 552 теңгеге бағаланып отыр. Табиғат қорғау заңнамасын бұзғандарға 4,3 млн. тенге сомасында әкімшілік айыппұл салынды.
Құқық бұзушылардан 26 тоннадан астам балық, оның 843 кг бекіре тұқымдас балық түрлері және олардың 15 кг жуық уылдырығы тәркіленді. Сонымен қатар заң бұзушылардың 144 жүзу және 759 аулау құралдары алынды.
Балық қорғау акциясы барысында мемлекеттік тапсырыс аясында бекіре тұқымдас балық түрлерінің 140 өндірушілері ауланды (8 қортпа, 9 орыс бекіресі, 123 шоқыр). Бұл балықтар Атырау облысындағы бекіре балық өсіру зауыттарына шабақтар алып, кейін оларды табиғи мекендеу ортасына жіберу мақсатында жеткізілді.
Мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің бірлескен іс-әрекеттері арқылы жүргізіліп жатқан «Бекіре-2014» балық қорғау акциясы аясы 2014 жылдың 31 мамырына жейін жалғастырылады.
ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі
