Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Бекіре-2014» балық қорғау акциясы аясында киік мүйіздерін жасырын өткізу әрекеті әшкереленді

2014 жылдың 1 сәуірінде «Атырау – Астрахань» тас жолы бойындағы «Новобогат» бақылау-өткізу бекетінде «Бекіре-2014» балық қорғау іс-шараларын жүргізу  барысында Астана қаласының тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Toyota Camry» маркалы автокөлік тексерілді.
Нәтижесінде автокөліктің ішінен қапқа салынған 81 дана киік мүйіздері табылып, тәркіленді.
Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Биылғы 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында еліміздің қоршаған орта және су ресурстары, ішкі істер, көлік және коммуникациялар министрліктері мен ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп, кең ауқымды «Бекіре -2014» балық қорғау акциясын өткізеді.
Аталған шара балықты заңсыз аулап, сатуға және тасымалдауға жол бермеу мақсатында өткізіледі.
ҚР ҚОСРМ баспасөз  қызыметі

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/04/102-80/

0
0
271

Осы тақырып бойынша

«Бекіре-2014» балық қорғау акциясы аясында киік мүйіздерін жасырын өткізу әрекеті әшкереленді - Yvision.kz