«Байқоңырдың» бағы жанбақ!
Байқоңыр ғарыш айлағы Канаверал мүйісінде орналасқан (Флорида штаты) ғарыш айлағы сияқты туристер тартуға ең қолайлы аймақ болмақ.
Үкімет сағатында Қ.Көшербаев осылай дейді. Қазір, кез келген дамыған ел – экологиялық таза, шығыны аз сала- туризмді дамытуға күш салуға тырысып жатыр. Бұл- әлемдік тәжірибеде бар үрдіс. Сондықтан, барынша күш салып, осы саланы дамыту қажет.
Канаверал ғарыш айлағына тәулігіне 3 млн турист келеді екен. Қазір, осындай жобаларды біздің «Байқоңыр» бойынша жасау қолға алынып жатыр. Тіпті, 2023 жылға дейінгі Тұжырымдама қабылданып қойыпты.
Аймақта бұдан бөлек, Қорқыт ата кешені мен Қамбаш көлдерінің арасын байланыстыратын арнайы жоба жасалып жатыр.
