Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Байқоңырдағы ҚР азаматтары қазақстандық денсаулық сақтауға қол жеткізе алады

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

Отырыста «Байқоңыр» ғарыш айлағының қызметкерлері, Байқоңыр тұрғындары, Торетам және Ақай ауылдарының қызметкерлеріне медициналық көмек көрсету тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін 17 қараша 2009ж. жалдау шарты бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау жобасы қарастырылды.

«Ағымдағы келісім аясында Ресей Федерациясы Байқоңыр кешенінің 2009 жылғы 17 қарашада жалға алушартына байланысты Байқоңыр қаласының 48 мыңнан астам тұрғындарына, қазақстандық азаматтарға медициналық көмек Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес ресейлік медициналық ұйымдармен ғана қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасында медициналық көмек көрсетуден айтарлықтай айырмашылықтарды ескере отырып, біздің азаматтарға Қазақстан Республикасының заңнамасына, медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне, тегін дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды алуға, алдын-ала медициналық тексеруден өтуге құқығы жоқ. Байқоңыр қаласының тұрғындары республиканың барлық өңірлерінде жоғары мамандандырылған медициналық көмекке қол жеткізе алмайды, бұл мүгедектікке әкелетін қолайсыз жағдайлар қаупін арттырады және өмір сапасының төмендеуіне әкеледі. Осы Келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы қабылдау Байқоңыр қаласында, Қазақстан Республикасының Торетам және Ақай ауылдарында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына республиканың денсаулық сақтау ұйымдары ұсынған Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес медициналық көмек алуға мүмкіндік береді. Келісімге енгізілген түзетулер күшіне енгенге дейін екі елдің үкіметтерінің келісімдеріне сәйкес, 2016 жылдың 12 тамызында Байқоңыр қаласында Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық медицина орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны филиалы іске қосылды. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Байқоңыр қаласында 30 мыңға дейін адамға қызмет көрсететін емхана ашылды. Қазіргі уақытта 17 мыңнан астам онла тіркелген», - деді Е.Біртанов.

0
0
354

Осы тақырып бойынша

Байқоңырдағы ҚР азаматтары қазақстандық денсаулық сақтауға қол жеткізе алады - Yvision.kz