Батыс Қазақстан облысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларымен семинар – кеңес өткізілді
Батыс Қазақстан облысында 2014–2015 жылғы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемиологиялық ахуал жөнінде семинар-кеңес өткізілді.
Семинар – кеңес облыстық және қалалық білім басқармалары өкілдерінің, облыстың 93 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен Орал қаласындағы №30 мектепке дейінгі ұйымның базасында өтті.
Семинарда республикадағы және облыстағы ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидахуал көрсетілді, ротавирусты инфекция пайда болғанда оның эпидемиологиясы, клиникасы, эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру, мектепке дейінгі балалар ұйымдарда эпидемияға қарсы іс-шаралар алгоритмін жүргізу мәселелері айтылды. Сондай-ақ балалар бақшаларында балаларды ыстық тамақтандыруды, оларға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын санитариялық – эпидемиологиялық талаптар мәселелері қаралды.
Семинар – кеңестің қорытындысы бойынша ротавирусты инфекция, ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық асқынуларды болдырмау, мектепке дейінгі ұйымдарда санитариялық – эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылауды күшейту бойынша ұсынымдар дайындалды.

