ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке қиын-қыстау жылдары қазақ халқының көрсеткен қамқорлығы мен мейірімділігінің ұмытылмайтынын білдіреді.

Алғыс айту күні – ортақ тарихымызға көрсетілген құрметтің, бүкіл қазақстандықтардың өз шаңырағына айналған киелі қазақ жеріне деген ризашылықтың белгісі.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халқының бірлігін нығайта отырып, татулық пен келісімнің бірегей үлгісін қалыптастырдық.

Ынтымақтастық пен өзара көмек сияқты берік құндылықтар біріктіруші күшке айналып, еліміздің болашағына деген нық сенім мен жауапкершілік сезімін қалыптастырады.

Қазақстандықтардың қазіргі буыны, әсіресе жастар, тарихымызды біліп, есте сақтауы керек. Тарих тағылымы шынайы патриотизм мен бірліктің үлгісін көрсетеді.

Әрқайсымыздың жүрегімізде ортақ жетістігімізге – өркендеп келе жатқан Қазақстанға деген мақтаныш пен ризашылық сезімі ұялай берсін!

Әр отбасыға бақ-береке, елімізге татулық пен тыныштық тілеймін! Үлкеншыған ауылында көптеген ұлт өкілдері тұрады. Осы алғыс күніне орай Башқұрт ұлтынан Омарова Роза, Дүнген ұлтынан Дауров Үсіпжан, Ұйғыр ұлтынан Зайнаудинова Шахибам апайларымыз өздерінің жүрек жарды тілектерін тарту етеді.