Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Барселона футбол мектебіне ұлыңызды бергіңіз келсе...

Бүгінгі таңда «Барселона» – әлемнің ең үздік футбол клубтарының бірі. Оның өзге топ-клубтардан басты ерекшелігі – оның Ла Масия деп аталатын футбол мектебі. Аталмыш мектеп 300 артық баланы тәрбиелеп отыр және 2002 жылдан бері дүние жүзінің ең мықты футбол мектептерінің қатарында. Барселона клубының Еуропалық біріншіліктерінде, Испания ұлттық құрамасының Әлем чемпионаттарында топ жаруындағы негізгі фактор да осы мектеп. 2010 жылы «Алтын доптың» үш иегері де (Андрес Иньеса, Лионель Месси, Хави Эрнандес) осы мектептің түлегі болды және бұған дейін мұндай жетістікке ешқандай футбол академиясы жете алмаған.


Егер де ұлыңыз әлемнің ең мықты футбол мектебінде жаттықсын десеңіз, бастапқыда балаңызды ең құрмағанда ОРМБЖМ-ға (Балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резервтің мамандандырылған спорт мектебі) беріңіз. Ол жерде жас бала футбол спортының бастапқы сабақтарын алады. Егер сол жердегі мамандар сіздің балаңыздың таланты бар екенін анықтап жатса, олардың өздері ақ балаңызды футболға кәсіби түрде дайындауға кеңес береді. Тек осы жағдайда ғана шетел туралы ойланған абзал. Ойланып болған соң, жас футболшының ойынын, жаттығуларын видеоға түсіріп, «Барселона» академиясының келесідей адресіне жіберу керек:[email protected] немесе +34 496 75 92 нөміріне хабарласу қажет. Әрі қарай...

0
0
1517

Осы тақырып бойынша

Барселона футбол мектебіне ұлыңызды бергіңіз келсе... - Yvision.kz