Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Барлық мәселені кадрлар шешеді

А.ж. 24 қазанында  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен аймақтың мемлекеттік органдары персоналды басқару қызметтері өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

Күн тәртібінде мемлекеттік органдардың 2017 жылдың 9 айындағы персоналды басқару қызметтерінің жұмыс қорытындылары қарастырылды.

Іс-шараның модераторы, департаменттің басшысы, әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Б.Беспалинов өз сөзінде Ұлт жоспарындағы  кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру бойынша қойылған міндеттерді жүзеге асырудағы кадр қызметтерінің аса маңызды буын екендігін айтып өтіп,  олардың жұмысына баса назар аударды. Мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілердің аттестаттау шешімдерін орындау, «Е-қызмет» бірыңғай ақпараттық жүйесіндегі, тағылымдаманы, сынақ мерзімі мен тәлімгерлікті ұйымдастыру жұмысына, меритократия қағидасының сақталуына, кадрлардың ауысушылығына тоқталды.

Мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтері жұмысының қорытындысы туралы мемлекеттік қызмет басқармасы басшысының м.а. Г.Евниева баяндады. Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілерін оқыту жағдайы туралы Мемлекеттік қызметшілердің қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығы директорының орынбасары А.Бекентаева айтып өтті.

Мемлекеттік органдарда сынақ мерзімін және тәлімгерлікті ұйымдастыру,  «Е-қызмет» бірыңғай ақпараттық жүйесіндегі жұмысы туралы ақпараттар тыңдалды.

Семинар-кеңес барысында қатысушылар сұрақ қойып, жұмысты жақсартуға өз ұсыныстарын енгізді, жақсы тәжірибесімен бөлісіп, конструктивтік диалогты құрды.

Б.Беспалинов қорытынды сөзінде семинардың қатысушыларына алғыс айтып, Ұлт жоспарының бірінші институционалдық реформасын жүзеге асырудағы кадр қызметтерінің басым бағыттарын белгіледі.

Іс-шараға 100 адам қатысты.

 
0
0
324

Осы тақырып бойынша

Барлық мәселені кадрлар шешеді - Yvision.kz