«Балаларға арналған қауіпсіз және жайлы инфрақұрылым» атты рейд жүргізілді.
«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Балаларға арналған қауіпсіз және жайлы инфрақұрылым» атты рейд жүргізілді. Шараға «Nur Otan» партиясының Панфилов аудандық филиалы, Панфилов аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі, «Jas Otan» М.Ыбраймолдаев, Отбасы, әйелдер және балалар құқықтары жөніндегі кеңес мүшелері,сондай-ақ Панфилов аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің маманы Беймолдаев Бекзат Қайыпұлы қатысып, Жаркент қаласының ашық люктарға, көше шамдарының жарығына, қозғалыс қауіпсіздігіне тексеріс жұмыстары жүргізілді. Рейд барысында көшелерде толығымен люктар жабық, ашық люктар табылмады, көше шамдары толығымен жанып тұр, балалардың жол-жүру қауіпсіздігі қамтылып, жаяу жүргіншілер өткелдігі белгіленген.
