«Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау»
Құрметті Т.Рысқұлов ауданының тұрғындары Сіздер Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы «Бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындау» үшін құжат рәсімдей аласыздар. Аталған мемлекеттік қызмет түрін ҚР «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің» Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті қабылдаған, Жалпы қызмет көрсету тәртібі электронды цифрлық қолтаңба болған жағдайда, электронды үкімет порталына кіріп веб-портал арқылы қызмет алуға болады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі, қызмет алушының бізге келіп өтініш берген сәттен бастап хабарлама бір күн ішінде беріледі. Хабарлама түскен сәттен бастап он жұмыс күн ішінде қызмет атқарылады. «Құлан таңы» газетінің оқырмандары және мемлекеттік қызмет алушылар ХҚКО-на келіп құжат өткізген кезде, өтініш қабылдау уақыты 20 минуттан аспайды. Жоғарыда аталған мемлекеттік қызмет түрі тегін атқарылады. Мемлекеттік қызмет алу үшін: 1) Жәрдемақы тағайындау туралы өтініш. 2) Баланың тууы туралы куәлігі. 3)Өтініш берушінің жеке куәлігі. 4) Қызмет алушының тұрғылықты жерін растайтын құжат және отбасы құрамы туралы мәлімет қажет. Бізде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері сапа мен тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. Құрметті тұрғындар - Сіздерге Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы құжат тапсыру өте тиімді әрі пайдалы.
Т.Рысқұлов аудандық ХҚКО-ның
инспекторы: Нусибалиев Жансұлтан
