Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды рәсімдеу қағидаттары

Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды «ХҚКО» РМК-ның барлық бөлімдері арқылы рәсімдеуге болады. Аталмыш қызмет түрі тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) Бекітілген нысанда өтініш;

2) Тұтынушының жеке басын куәландыратын құжат;

3) Баланың (балалардың) тууы туралы куәлігі (куәліктері) не тууы туралы актілік жазбадан үзінді көшірме;

4) Тұтынушының деректері баланың тууы туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда, неке қию (некені бұзу) туралы куәлік;

5) Балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді немесе бала асырап алуды растайтын құжат;

6) Тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

7) Жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтер бар құжат;

8) Өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші тұлғалар берген жағдайда – сенімхат.

Сонымен қатар, аталмыш қызмет түрін Қазақстан Республикасыныі электронды үкімет веб-порталы арқылада алу мүмкіндігі қарастырылған. Толық ақпараттық мәліметтер мен қажетті құжаттар тізілімін электронды үкімет порталы арқылы немесе ақпарат алу үшін жергілікті ХҚКО жүгінуіңізге және 1414 біріңғай байланыс орталығына тегін қоңырау шалуыңызға болады.

 
0
0
218

Осы тақырып бойынша

Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды рәсімдеу қағидаттары - Yvision.kz