Бала дүниеге келгенде туу туралы куәлікті алу жолдары
Ата ана үшін дүниеге сәби келгенінен артық қуаныш жоқ. Дүние есігін ашқан әр сәбидің дүниеге келгенінен кейін алғашқы мемлекеттік құжаты ол туу туралы куәлігі болып есептеледі. Біз бүгін осы мемлекеттік қызмет түрін халыққа қызмет көрсету орталықтарынан қалай алу жөнінде айтып береміз. Ол үшін сіз өзіңіздің тұрғылықты жерге жақын орналасқан орталыққа келіп құжаттарды тапсырасыз.
Аталған мемлекеттік қызметті алу үшін дүниеге келген сәбидің ата анасының бірі келіп, халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарына сәбидің ата аналарының жеке куәлігін, неке қию жөніндегі куәлігін және перзентханадан сәбиге берген құжатты тапсырады.
Мемлекеттік қызмет түрі аталған құжаттарды тапсырған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде дайын болады. Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары сізді қабылдап жатырған кезде сізге арнайы үлгідегі өтінішті береді сіз өз қолыңызбен сәбидің аты жөнін толтырасыз. Сәбидің аты жөні тек бір тілде жазылады мысалға Жігер Жанғали Жанұзақұлы немес Жигеров Жангали Жанузакович болып жазылады. Бұл мемлекеттік қызмет түрі тегін көрсетіледі. Екі жұмыс күнінен кейін сіз сәбиіңіздің алғашқы құжатын алып кетесіз.
Қосымша сұрақтарыңыз болса сіз кез келген халыққа қызмет көрсету орталықтарынан немесе 1414 нөмірі бойынша тегін кеңес ала аласыз.

