Бағдат Бейсенқызы мен Айдос Айтбекұлы Шолақай ауылдық округіне барып кездесу өткізді
Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Бағдат Бейсенқызы мен Айдос Айтбекұлы Шолақай ауылдық округіне барып, ауылдағы денсаулық саласы қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар медицина қызметкерлеріне пандемия кезіндегі жанқиярлық еңбектері үшін ақжарма алғыстарын жеткізді. Үміткерлер денсаулық сақтау өкілдерімен әңгімелесу барысында Nur Otan партиясы өңірдегі денсаулық сақтау саласындағы күрделенген мәселелерді шешуге бағытталған басым бағыттарға кеңінен тоқталып өтті.
