Бағдарлама бойынша кәсіпкерлерге несие беріледі
Бағдарлама бойынша кәсіпкерлерге несие беріледі
Қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Мұхиджан Кәрімбаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мүшелерімен кездесті. Сайлауалды бағдарламадағы негізгі басымдықтарға тоқталып, партия тарапынан барлық саланың даму бағытына сәйкес жоспарларды атап өтті. Сондай-ақ, кандидат цифрландыру мәселесі және өндірісті дамыту жайлы да тілге тиек етті.
- Заман талабына сай цифрландыруға басымдық беруіміз керек. Жастар тәжірибе жинақтап, білім сапасын арттырған дұрыс. Осы және өзге де бағытта қолдау көрсету партия бағдарламасында қарастырылған. Аталған жоспарларды орындау үшін сіздердің қолдауларыңыз үлкен сенім береді, - деді Мұхиджан Кәрімбаев.
Айта кетейік, сайлауалды бағдарламада «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасымен грант ұсынуға басымдық берілмек. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Бастау-Бизнес», «Бизнес Кеңесші» курсымен жыл сайын 450-ден аса азаматтарды өз кәсібін ашуға, оқытуға және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде кем дегенде 20 жобаға жеңілдетілген несиелер ұсынуы да бағдарламада айқын көрініс тапқан.
Кездесуде сөз алған қатысушылар кәсіп саласына бағытталған ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды.
