Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Бәсекеге қабілетті жастар"

"Nur Otan" партиясы "Jas Otan" Жастар қанатының ұйымдастыруымен "Бәсекеге қабілетті жастар" тақырыбында "Nur Otan" партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Базабайқызымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында, сәтті өткен "Primaries" жөнінде және "Жастар-Отанға" 2025 жылға дейінгі жол картасы бойынша мәселелер талқыланды. Кездесуге арнайы Абай ауданынан "Primaries" дебаттарының жеңімпазы Кирей Владислав келіп, өзінің праймеризде алған тәжірибесімен бөліссе, Қарағанды облысы Кәсіподақтар Орталығы жанындағы «Келешек» Жастар кеңесінің төрайымы Айжан Таубебаева "Жастар-Отанға" 2025 жылға дейінгі жол картасы аясында бірлесе атқарылған жұмыстарды баяндады. Белсенділер қонақтарға сұрақтарын қойып, өздерінің ойларымен бөлісті.

ПОСТ С ФБ

0
0
124

Осы тақырып бойынша

"Бәсекеге қабілетті жастар" - Yvision.kz