Бұл оқиғаларға мен басқаша қараймын...
*** 🔹️Кезінде ата - апаларымыз 10-15 бала туып, асырап қалай өліп қалмай жүрді екен дейсің кейде. ОЛ кезде қазіргідей жұмыста болған жоқ, жейтін дұрыс тамақ та болған жоқ. Бірақ ешкімге қол жаймай, әупіремдеп өсірдіғой сол балаларын.
Себебі: 🔻 🔸️олар толған шұбырған балаларымен ауылдан қалаға көшіп барған жоқ.(қазіргілер дәл осы тұжырымда, қалаға барып, жақсы зарплатаға қол жеткізу) Ауылда тұрып, жұрт қатарлы ауылда мал бағып, құс асырап, етін , жұмыртқасын жеп, сүтін ішіп балаларын солай өсірді. Баланы туды ма, шамасы келгенше асырады. Бәрақ ешкімнен жылап, интернетке шығып көмек сұраған жоқ. Мен естімедім, осындай кездері жұмыс болды, зарплата көп болды деп, ол кезде ақшаның орнына тіпті песок немесе картоп берген екен. Ал, қазіргілер ше? 3-4 баласын асырауға қабілеттері жетпей отырады және сонымен қоймай ауылдан қалаға көшеді, жақсы өмір іздейміз деп... Қалада үйің болмаса, қайдағы жақсы өмір😴, зарплатаңның жартысы квартираны төлеуге, бір бөлігі ком услугасы бар, жейтін тамақтары бар, сонда өмір сүруге де жетпейді. Сонымен қоймай тағы да бала жоспарлайды! *** 🔸️Мен осындай адамдарды түсіне алмаймын. Бәлкім менікі қате дерсіздер, бірақ, өзіңнің үйің жоқ болса, тұрақты балаларыңды, отбасыңды толықтай асыруға қабілетің жетпесе неменеге бала жоспарлайды? Көп балалы болып, тегін үй алуды қалайды-ау осы көбі. Олардың ағайын туыстары бар емес пе? Көмектесетін ешкімі жоқ адамдар емес қой. Егер де үйіндегі отбасы асыраушысынан айырылған, болмаса мүгедек жан болса түсінер едім, ондай адамдарға көмектескен жақсы, сауап болады. Мемлекетте оларды шеттетпеуі тиіс. Бірақ бұл топқа кірмейтіндерді мен өз басым, қолдамаймын және баланы туып алып, мемлекеттен көмек сұрайтын адамдарды да қолдамаймын. Ол баланы өзі үшін туды, мемлекет үшін, президент үшін иа болмаса министрлер үшін дүниеге әкелген жоқ қой, өздерінің қажеттіліктері болды, ұрпақ өсіргісі келді, мақсатына жетті, әрі қарай сол бала үшін еңбек етсе қайтеді. Ал, бұл мүлде дұрыс емес, тек өздерін, балаларын азапқа салуда
