Бүгін Панфилов аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Аширжанов Қуандықпен онлайн кездесу
Бүгін Панфилов аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Аширжанов Қуандық мекеменің нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2019-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асырудағы атқарған жұмысы туралы ағымдағы жыл қорытындысын жариялады.
Атқарылған жұмыс қорытындысы әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде баяндалды. Өз сөзінде ағымдағы жыл бойынша жұмыспен қамту орталығына барлығы 4845 адам жүгініп, 6103 адам жұмыспен қамтылған. Өңірдегі жұмыспен қамту деңгейі 125,9%. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда өткен жылы "Еңбек биржасы" интернет ресурсын пайдалану бойынша 4950 адамға үйретіліп, жұмыспен қамту орталығының өзін-өзі қызмет көрсету бұрышында 5610 адам қолданған. Сондай-ақ 2020 жылдың 11 айында жұмыспен қамту орталығына 1690 адам жұмыс іздеуші ретінде тіркелінсе, жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны - 1906 адамды құрағандығын атап өтті.
