Бүгін «Nur Otan» партиясының ұйымдастыруымен өңіріміздің жастарының
Аталған жиында мешіт имамы жастарға дін жолы мен оның қоғамдағы рөлі туралы ақпарат беріп, елімізде әртүрлі діндер мен конфессия өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі және өзара тиімді іс-әрекет етуі үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын айтып өтті.
«Мұсылмандар, христиандар және басқа діни сенім өкілдері біздің көпконфессиялы және көпұлтты ортақ үйімізде қоян-қолтық араласа өмір сүріп жатыр. Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар әлемдегі көптеген елдер үшін үлгі болып отыр. Жалпы, дін қоғам мен мемлекет дамуының қажетті және сөзсіз жағымды факторына айнала бастады», - дейді дін өкілі. Кездесу соңында жастар имамдарға дін мәселесінде толғандырған сауалдарын қойып, сұхбат жүргізді.
