Бүгін "Nur Otan" партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Кузиев Закиржан кездесуі.
Бүгін "Nur Otan" партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Кузиев Закиржан "Универсал" бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесіп сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Партияның ауданымызға арналған "Дамудың жеті басымдығы" атты бағдарламасын түсіндіріп, басым бағыттарын атап өтті. "Nur Otan" партиясы ауданды дамытудың осы 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындағандығын және оның басты мақсаты - халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау екендігін бастауыш партия ұйымының мүшелеріне кеңінен насихаттап берді.
