Бүгін «Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тікелей эфирде
Бүгін «Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Досмаилов Қанат Нұркешұлы instagram әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге шықты. Тікелей эфир барысында ауданда атқарылған ауқымды шаруалар мен алдағы уақытта жүзеге асырылуы тиіс жұмыстың жоспары жайлы айтылды. Қанат Нұркешұлы өз сөзінде барлық саланы қамтып өтті. Мәселен, тұрғындарымыздың сапалы әрі таза ауыз сумен қамтамасыз ету және газдандыру жүйесі жұмыс жасап жатыр. Эфир кезінде Праймериз яғни ішкі іріктеу жөнінде де айтылды. Пандемия кезінде “Biz birgemiz” акциясы аясында атқарылған жұмыстар бойынша 7 санаттан тұратын 50 мың тг көмек көрсетілгендігі туралы ақпараттар айтылды
