Бүгін ''Nur Otan'' партиясы Көксу аудандық филиалы
алдымызда болатын сайлауға қатысты дайындық бойынша сайлау учаскелерінің сенімді өкілдерімен семинар-тренинг өткізді. Бұл кездесу әлеуметтік желіде ''Zoom" бағдарламасы арқылы жүзеге асырылды. Тренингте Мәлік Аманбайұлы сайлауға қатысты мәліметтермен бөлісті. Мәселен, халыққа ішкі іріктеуді түсіндіруден бастап, дауыс беру мен кандидаттардың алдағы жұмыс жоспарына мән беру керектігіне дейін айтып өтті.
