Бүгін "Менің Отаным - Қазақстан" тақырыпта жас қызметкерлер арасында интеллектуалдық шоу сайыс өтті.
Бүгін Маңғыстау аудандық жастар орталығында "Жастар Отанға" жобасы аясында "Менің Отаным - Қазақстан" атты тақырыпта жас қызметкерлер арасында интеллектуалдық шоу сайыс өткізілді. Сайысқа Маңғыстау аудандық жер қатынастары бөлімі және ішкі саясат бөлімі қызметкерлерінен "Самға" тобы, Спорт және мәдениет бөлімінің жас қызметкерлерінен "Шерқала" тобы, Өрлеу және Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімі қызметкерлерінен "Бесшоқы" тобы қатысты. Жас қызметкерлер түрлі сұрақтарға тартыса жауап беріп, сайысымыз өте жоғары деңгейде өтті.
1-ші орын "Самға" тобы
2-ші орын "Шерқала" тобы
3-ші орын "Бесшоқы" тобы иеленді. Шараға қатысқан жас қызметкерлерге алғысымызды білдіреміз!
