Бүгін мәслихат депутаттығына үміткерлер
Кездесу партияның сайлауалды бағдарламасын халыққа түсіндіру мақсатында өткізілді. Жиында үміткерлер партияның алдағы бес жылға дайындаған жұмыс жоспарымен бөлісті. Нақтырақ айтқанда, партияның сайлауалды бағдарламасында ауданды дамытудың 7 бағытын түсіндірді. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау. Жиын соңында ауыл тұрғындары өздерінің сауалдарын қойып, үміткерлерден тұшымды жауап алды. Үміткерлер сайлаушыларды 10 күні болатын сайлауда «Nur Otan»партиясына дауыс берулерін сұрап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
