Бүгін ҚКП отырысы коммуналдық қызметтердің жұмысы турлы тікелей эфир өтті.
Коммуналдық жүйелерді дамыту және жаңғыртуды қаржыландыру қағидаттары бойынша басты міндет қызметтерге қойылатын баға, яғни тариф саясаты маңызды болып табылады. Осыған орай бүгін тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық саласының өзекті мәселелеріне арналған онлайн форматта жиын өтті. Бұған «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалы жанынан құрылған партиялық бақылау комиссиясы, қызмет көрсету мекемелерінің басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Мамандар өздеріне қарасты мекеменің халыққа қызмет көрсету сапасы, көрсеткіші, тарифі туралы баяндады. "КазТрансГазАймақ" АҚ МГШФ мекемесінің бас маманы М.Далмағанбетов негізгі қызмет түрлері бойынша тарифтердің шекті деңгейін айтып талқыласа, "Маңғыстау жылу, су" МКК басшысының құқықтық мәселе жөніндегі орынбасары Р.Дұрысбаев қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, әкетуге байланысты, сондай-ақ, елді мекендер айналасындағы жосықсыз қоқыстарды болдырмау және жою бойынша жасалып жатқан жұмыстарды атап өтті. Зумға қатысушылар талқыланған жайға байланысты өз ой-пікірлерін ортаға салды.
