Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бүгін Көктал ауылдық бастауыш партия ұйымының төрағасы Бақыт Нұрелов Skype желісі арқылы кездесуі.

Бүгін Көктал ауылдық бастауыш партия ұйымының төрағасы Бақыт Нұрелов Skype желісі арқылы "сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында жас спортшылармен, жастармен кездесу өткізді. Аталмыш кездесуге штаб жетекшісінің орынбасары Құрманжан Аубекұлы да қатысты.

Қоғам дертіне айналған жемқорлық еліміздің болашағына елеулі зиянын тигізіп қана қоймай, түп-тамырымен жойылып кету қаупін тудыратындығын айтып өтті. Еліміздің болашағына бей-жәй қарамайтын әрбір жас жемқорлықпен күресті табанды түрде жүргізуге атсалысса дамыған мемлекеттердің алдыңғы қатарына қосалатындығымызға сенім білдірді.

Штаб жетекшісінің орынбасары мен Көктал ауылдық бастауыш партия ұйымының төрағасы жастарға сыбайлас жемқорлықпен күресте қандай мәселелер бар және олардың шешу жолдарын анықтау партия алдындағы басты міндеттің бірі екендігін атап өтті.

Осы тақырып бойынша

Бүгін Көктал ауылдық бастауыш партия ұйымының төрағасы Бақыт Нұрелов Skype желісі арқылы кездесуі. - Yvision.kz