Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Ә. Мәмидің «Сот ашықтығы – қоғам айнасы» атты мақаласы жарық көрді
Мақалада атап өтілгендей, осыдан бір жыл бұрын Елбасы еліміздегі сот жұмыстарын одан әрі ширатып, дамыту міндетін алға қойды. Бүгінде республикадағы сот жүйесі айқын бағыт, жаңа қарқынмен жүргізілуде. Жоғарғы Сот Төрағасының тікелей басшылығымен Республика соттарының және судьялар корпусының жұмысы тың серпін алып, сот ашықтығы мен қолжетімділігі арта түсті.

