Бүгін «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Біздің ауылдың балалары» акциясы аясында рейд шарасы өтті.
Бүгін «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Біздің ауылдың балалары» акциясы аясында рейд шарасы өтті. Көп балалы, табысы аз отбасы балаларына тікелей қолдау көрсетуді мақсат еткен шараға аудандық білім бөлімінің әдіскері Ж.Байтұрғанова, аудандық полиция бөлімінің ЖҚПБ ювеналдық полиция тобының учаскелік инспекторы Қ.Қойшыбаева және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Акция аясында рейд тобы Шетпедегі психологиялық педогогикалық түзету кабинетінде болып, ондағы жұмыс барысымен балалардың жай-күйімен танысты. Аталған түзету мекемесінде бүгінгі таңда барлығы 51 оқушы білім алуда. Еліміздегі жағдайға байланысты балалардың сабаққа келуі қашықтан оқу форматында аптаның әр күніне бөлінген. Білім беру мекемесінің кіре берісінен бастап балалардың және мекеме қызметкерлерінің қауіпсіздігін сақтау мақсатында барлық санитарлық дезинфекциялық талаптар сақталған. Мұнан соң рейд тобы бірнеше отбасыға барып, балалардың қашықтан оқу жай-күйімен толық танысты.
