Бүгін аудандық "Nur Otan" партиясының сайлауалды штабының желілік кестесі
Бүгін аудандық "Nur Otan" партиясының сайлауалды штабының желілік кестесіне сәйкес Қоңырөлең ауылында "Есіктен есікке" акциясы аясында үгіт-насихат жұмыстары өтті.
"Nur Otan" партиясынан ұсынылған үміткер, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жасыбаев, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ерғали Шоқпаров пен Елтай Қожақов ауылдағы әрбір үйге арнайы барып, тұрғындармен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында партия үміткерлері ауыл тұрғыны Б.Нұрмұхамет пен округ бойынша әйелдер кеңесінің төрайымы, зейнеткер ұстаз Ш.Бұлтбекова және зейнеткер ұстаз Н.Мұхаметбеков, сондай-ақ ауданымыздың "Құрметті азаматы", округтегі ақсақалдар алқасының төрағасы Д.Жұмабаевтың шаңырағында болып, ұсыныс-пікірлерін тыңдады
