Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бүгін аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер

Кездесуде «Nur Otan» партиясының алдымыздағы 5 жылда атқарылатын жұмыс жоспары, яғни 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы айтылды. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Аманбайұлы депутаттыққа үміткерлерді жеке-жеке таныстырып, олардың алға қойған мақсаттарын және осы уақытқа дейін тындырған тиянақты шаруаларын түсіндірді. Бұдан бөлек, облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер Секенбай Шеңгелбаев өзінің сайлауаға қатысты мәліметтерімен бөлісіп, тұрғындардың тарапынан қойылған әрбір сұраққа баса назар аударып, түсінікті түрде жауап берді. Айта кетейік, жалпы сайлауда мәслихат депутаттығынан 26 үміткер үмітті. Оның 24-і аудандық, ал қалған 2-і облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер.

0
0
163

Осы тақырып бойынша

Бүгін аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер - Yvision.kz